Алматы 2-ші ЖЭО-да алғашқы газ турбинасы іске қосылды

Алматы 2-ші ЖЭО-да алғашқы газ турбинасы іске қосылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2026 18:14 Сурет: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Алматы 2-ЖЭО-да бу-газ қондырғысының алғашқы турбинасы іске қосылды. Қалған екі газ турбинасын желтоқсан айында іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, 25 қарашада Siemens Energy компаниясы өндірген газ турбинасы сәтті тұтатылды. 30 қарашада электр энергиясын желіге беру жоспарланған

"Жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде жаңа станция электр желісіне 557 МВт электр қуатын және 957 Гкал жылу энергиясын бере алады", – делінген хабарламада.

Жобаның Алматы қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін маңызы ерекше. Станция газға толық көшкеннен кейін ластаушы заттар шығарындылары жылына 37,1 мың тоннадан 2,7 мың тоннаға дейін, яғни 90 пайыздан астамға қысқарады деп күтілуде.

Күкірт диоксиді мен көмір күлі шығарындылары толықтай жойылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: