Екі облыстағы жолдарда қолайсыз ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді

Закрытая трасса, стоп, снегопад, метель, закрытая дорога, непогода, перекрытая дорога, заносы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2026 19:50 Фото: Zakon.kz
27 қарашада Ақтөбе және Атырау облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты жүк көліктерінің, қоғамдық көліктің және жазғы дөңгелекпен жүрген автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шектеу 26 қараша сағат 19:00-ден бастап республикалық маңызы бар төрт жол учаскесінде күшіне енеді.

Ақтөбе облысында:

  • "РФ шекарасы – Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау" автожолының 11–337-шақырымы (Ақтөбе қаласынан Атырау облысының шекарасына дейін);
  • "Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолының 24–108-шақырымы (Маржанбұлақ ауылынан Қобда ауылына дейін);
  • "Ақтөбе – РФ шекарасы" автожолының 39–136-шақырымы (Ш. Қалдаяқов ауылынан Әлімбет өткізу пунктіне дейін).

Атырау облысында:

  • "РФ шекарасы – Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау" автожолының 337–346-шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасынан Сағыз ауылына дейін).

Жолдағы шектеулерді 27 қараша сағат 08:00-де алу жоспарланған.

Республикалық маңызы бар автожолдардың жағдайы туралы қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығы арқылы білуге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: