Маңғыстауда 10 көпбалалы ана мемлекеттік наградасын ала алмай жүрген
Сурет: pavon.kz
Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында құжаттарды рәсімдеудегі заңбұзушылық салдарынан 10 көпбалалы ана "Алтын алқа" және "Күміс алқа" наградаларын уақытында ала алмаған. Прокуратура араласқаннан кейін олардың құқықтары қалпына келтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аудан прокуратурасы әкімдіктің жауапты қызметкерлері марапаттауға қажетті құжаттарды рәсімдеу және жолдау мерзімдерін негізсіз созғанын анықтады.
Соның салдарынан көпбалалы аналар өздеріне тиесілі мемлекеттік наградаларды уақытында ала алмай, заңнамада қарастырылған әлеуметтік қолдау шараларын да пайдалана алмаған.
Прокуратураның араласуынан кейін барлық 10 әйелдің құқығы қалпына келтіріліп, оларға мемлекеттік наградалар табысталды.
Бұдан бөлек, заңбұзушылыққа себеп болған жағдайларды жою және алдағы уақытта марапаттау құжаттарын уақытында рәсімдеу шаралары қабылданды. Жергілікті атқарушы органның кінәлі лауазымды тұлғалары жауапқа тартылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript