Шымкентте опера әншісі Майра Мұхамеджанқызы дауыс берді
Сурет: Шымкент әкімдігі
Шымкент қаласындағы №11 сайлау учаскесінде белгілі опера әншісі Майра Мұхамеджанқызы дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сайлау учаскесі А.Асқаров көшесі, №45 мекенжайында орналасқан. Өнер иесі учаскеге келіп, азаматтық таңдауын жасады.
Майра Мұхамеджанқызы – опера өнерінің өкілі ретінде мәдениет саласында танылған тұлға. Классикалық өнерді дәріптеп, руханияттың дамуына үлес қосып жүрген өнер иесінің қоғамдық-саяси науқанға қатысуы да азаматтық белсенділіктің бір көрінісі.
Мәдениет пен өнер қоғамның рухани дамуына ықпал етіп қана қоймай, елдің ортақ құндылықтарын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Ал әр азаматтың сайлауға қатысуы – қоғамдық өмірге араласудың және ел болашағына қатысты өз таңдауын білдірудің мүмкіндігі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
