Қазақ баласы “Славянский базар” байқауында жүлделі орынға ие болды

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2018 15:39 Stan.kz
Әбілқайыр – 16 елден келген қатысушылардың ішінде жас жағынан ең кішкентайы.

Витебскте өткен халықаралық “Славянский базар” байқауы өз мәресіне жетті. Қазақстан атынан қатысқан 7 жасар Әбілқайыр Жұмабай үздік үштіктен көрініп, жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы танымал отандық продюсер Жан Мұқанов желідегі парақшасында хабарлады.

Мұқановтың айтуынша, Әбілқайыр – 16 елден келген қатысушылардың ішінде жас жағынан ең кішкентайы.

“Қола! Анығында Қазақстан “Славянский базар-2018″ балалар фестивалінде үшінші орын иеленді. Қаскелеңнің 7 жасар тұрғыны Әбілқайыр Жұмабай үздік үштікке кірді. Құттықтаймын. Айтпақшы, басқа қатысушылар 11-14 жаста, ал біздің бала ең кішкентайы. Осындай жасында 16 ел қатысқан байқауда үздік үштіктен көріну – үлкен жетістік”, – деп қуанышты хабарды жеткізді ол.

Айта кетейік, “Славянский базар-2018” балалар фестивалінде Димаш Құдайберген, ал ересектер арасындағы байқауда Роза Рымбаева қазылар алқасының құрамында болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: