Жаңалықтар тізбегі
0

Жазира Байырбекова «жұлдыз ауруына» шалдыққанын мойындады

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2018 17:21 stan.kz
Жай жүргенде саxналық көйлекпен жүрмеймін, макияж жасамаймын, қабағым түйіліп жүретін кездер де, жымиып қуанып жүретін кездер де болады, тез ашуланып, тез басыламын», – деп жазды әнші Instagram-парақшасында.

Әнші Жазира Байырбекова ара-тұра «жұлдыз ауруына» шалдығатынын мойындады, деп жазады Stan.kz.

«Жазира шын өмірде саxнадағыдай емес», – деп кейбіреулер айтса дұрыс айтады, сеніңіздер.

Жай жүргенде саxналық көйлекпен жүрмеймін, макияж жасамаймын, қабағым түйіліп жүретін кездер де, жымиып қуанып жүретін кездер де болады, тез ашуланып, тез басыламын», – деп жазды әнші Instagram-парақшасында.

Айтуынша, бүгін ғана өзін әуежайда күтіп алған адамдарға аңдаусызда мінез көрсетіп қойған.

«Күнде таңғы сағат 5-6 да әуежайға шығып, түнгі екіге дейін жүріп, тәулігіне 1-2 сағаттан ғана ұйықтап жүрген күндері xалықтың тілімен айтқанда «жұлдыз ауруымен» ауырып қаламын. Жаңа ғана ұшақтан күтіп алған кісілерге сәл ғана ұнамай қалған істері үшін сабыр сақтамай кішігірім мінез көрсетіп, 5-10 минуттық «жұлдыз ауруымен» ауырдым», – дейді Байырбекова.

Десе де әнші ара-тұра артыңнан жағымсыз сөздердің ергені де дұрыс дейді. Себебі…

«Иә, ондай ондай болып тұрады арасында. Үнемі мақтау ести бергеннен, арасында тіл-көз өтпеу үшін артыңнан жаман сөздің де боланы дұрыс дейді білетіндер. Кейде періште емес пенде екеніңді, ашуланатын, мұңаятын, қуанатын кездеріміздің болатынын несіне жасырамыз…Қалай болғанда да өмірді сүйемін. Өмір деген ол сіздер!» – деп ағынан жарылды әнші.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: