Қайрат Нұртастың інісі Заңғар ағасымен тағы бір клип түсірді

sn.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2018 16:55 sn.kz
Орысшаға көшкен ағайынды екеудің жаңа туындысы – «Сердце мое бум-бум» деп аталды.

«My Universe» әнімен танылған Заңғар ағасы Қайрат Нұртаспен тағы бір клип түсірді, деп хабарлайды Sn.kz.

Ағылшынды қойып, орысшаға көшкен ағайынды екеудің жаңа туындысы – «Сердце мое бум-бум» деп аталды.

Жаңа шығарманың түп-нұсқасы әлі көпшілікке ұсыныла қоймады. Бірақ көшірмесін жұрт Youtube видео-порталынан тамашалап үлгерді. Жақсы пікірлер өте аз.

«Ақша бар. Не істерлерін білмей жүр», «Ұят екен мыналары», «Жап-жақсы ән», – деп жазған тыңдармандары.

Еске салайық, «My Universe» әні шыққан кезде қазақстандықтардың көпшілігі Қайрат пен Заңғардың ағылшыншасын келеке еткен болатын. Алайда, танымал өнер жұлдыздары ағайынды екеуді қорғап, «біткен іске сыншы» көп десіп жатты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: