Көкшетаулық әже Мейрамбек Бесбаевтың суреті мұқабаға шыққан журналды 29 жыл сақтаған
juldizdar.kz
Қария концерт кезінде сары майдай сақтаған құндылығын Бесбаевтың өзіне табыстады.
Әйгілі “МузАрт” ансамблі Қазақстан қалаларын аралап, кезекті турнеде жүр. Елдің сүйіктісіне айналған үштік әлеуметтік желіде гастрөлде болған қызықтарымен бөлісуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпаратттық агенттігі.
Мәселен, көкшетаулық қарт-ана Мейрамбек Бесбаевтың суреті мұқабаға шыққан журналды 30 жылға жуық сақтаған. Қария концерт кезінде сары майдай сақтаған құндылығын Бесбаевтың өзіне табыстады. Бұл туралы Сәкен Майғазиев айтып берді.
“Әжеміздің 29 жыл сақтаған Мейрамбек мұқабасына шыққан “Қазақстан әйелдері” журналы. Пейіліңнен айналайын, ақ әжем”, – деп жазды Сәкен.
Желі оқырмандары Мейрамбектің бақытты әнші екенін айтып, әжейдің қылығына тәнті болды.
“Мейрамбекке апамыз үлкен сый жасаған екен. Бұл халқымыздың өз өнеріне деген сүйіспеншілігі ғой. Керемет көрініс. Осындай тамаша сəттерді қалт жібермей халыққа паш етіп отыратын Сакен, айналайын аман бол!” – дейді желі қолданушыларының бірі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript