Жаңалықтар тізбегі
0

Рахман Омаровтың ұлы анасының мүрдесін қалай тауып алғанын айтты

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2018 21:25 www.inform.kz
Басты сот талқылауы 5 қарашада 15:00-ге белгіленді.

Рахман Омаровтың ұлы Досхан Кәкімов қайғылы оқиғаның қалай болғанын ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

Бүгін Алматы мамандандырылған ауданаралық сотында жантүршігерлік қылмысқа қатысты алдын ала сот тыңдалымы өтті. Сот алдында күдікті 30 жастағы Ақтолқын Сүлейменова жауап беріп жатыр. Оған ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлімі, 99-бабы 2-бөлімінің 10, 13 тармақшаларымен, 24-бабының 3-бөлімімен айып тағылып отыр.

Сот отырысынан соң марқұмның ұлы Досхан Кәкімов қайғылы оқиға жайлы толық айтып берді.

«Мен анамды кешкі 18:00 шамасында іздеп бардым. Есікті 7 минуттай, яғни ұзақ қақтым. Ешкім ашпады. Басқа жаққа кеткен болар деген оймен кете бергенімде есіктің көзінен көлеңкені байқадым. Сол сәтте мен есікті тепкілей бастадым. Бүкіл көршілер естіді. Әйел есікті ашты, бірақ анаң кетіп қалды деп мені кіргізгісі келмеді. Мен «өз үйіме неге кіргізгісі келмей жатыр» деген күдікпен күштеп ішке кірдім. Бірінші бөлмеден екінші бөлмеге өткенде бір қыздың ұйықтап жатқанын көрдім. Үшінші бөлмеге кірем дегенде, Сүлейменова (айыпталушы) мені кіргізгісі келмеді. Мен кіріп барып, анамның мәйітін көрдім. Сол сәтте Сүлейменова маған пышақпен атылды. Басында пышағы барын білмедім. Ол артына тығып келді ме екен, әйтеуір байқамадым. Маған шабуылдай бастағанда оң жақ бетінен шапалақпен ұрдым. Ол маған ұмтыла берді. Мен ары қарай қорғанып, оның қолы астынан жүгіріп шықтым. Есікті құлыптап қойған. Әупірімдеп ашып, полиция мен жедел жәрдем шақырдым», - деді Досхан Кәкімов.

Марқұм Гүлдерайым Омарованың ұлы қылмыс кезінде үйде болған екінші қыздың жауапкершілікке неге тартылмағанын түсіндірді.

«Қылмыс кезінде тағайындалған геномды сараптама нәтижесінде екінші қыздың саусақ ізі, басқа да іздері табылмаған», - деді Д.Кәкімов.

Жас жігіт сондай-ақ, Сүлейменованың қорғаушысының келтірген өтінішімен келіспейтінін айтты.

«Олар мені өлтіргісі келген жоқ деп жатыр. Бірақ, Сүлейменова маған пышақ ала жүгірді. Ол мені өлтіріп, осы қылмысты түп-тамырымен жауып тастағысы келді. Сүлейменова менің анама 8 жерінен пышақ салған. Ол анамды өлтіргісі келмесе, сонша жерінен пышақ салмайтын еді», - деді Рахман Омаровтың ұлы.

Айта кету керек, бүгін алдын ала сот тыңдалымы өтті. Онда Сүлейменованың қорғаушысы қорғауындағы әйелдің Досханды өлтіргісі келмегенін, Гүлдерайымды байқаусызда өлтіріп алғанын айтып, өтініш түсірген болатын.

Адвокат ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлімін ҚР ҚК 106 бабына (адам денсаулығына қасақана залал келтіру) ауыстыруды сұрады. Алайда сот оның өтінішін қанағаттандырмады. Басты сот талқылауы 5 қарашада 15:00-ге белгіленді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: