Жаңалықтар тізбегі
0

Энергетика министрлігінің бұрынғы вице-министрлеріне қатысты іс қайта сотқа жолданды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2021 17:18 zakon.kz
Басты сот талқысы 28 маусым, сағат 10: 00-ге тағайындалды. Сот отырысы ашық өтеді.

Бұрынғы энергетика вице-министрлері Бақытжан Жақсалиев пен Ғани Сәдібековтің ісі қайтадан Нұр-Сұлтан сотына жолданды, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының No2 сотына Щучье-Бурабай шипажайы аймағындағы Қарасу көлін тазарту және қалпына келтіру үшін бөлінген 2 миллиард 680,7 миллион теңге көлеміндегі қаражатты жымқырды деп айыпталған бұрынғы энергетика вице-министрлері Жақсалиев пен Сәдібековке және басқаларға қатысты қозғалған қылмыстық іс қайта келіп түсті, - делінген сот хабарламасында.

Бұған дейін қылмыстық іс заң бұзушылықтарды жою үшін прокурорға қайтарылған. Нәтижесінде, бірқатар тергеу әрекеттерінен кейін сотталушылар дәл сол айыппен, жаңа алынған сараптама нәтижелерін ескеріп, ұрланған ақша сомасы 778 миллион теңгеге азайтылып, қайта соттың қарауына ұсынылды.

21 маусымда алдын ала тыңдалым өтті, онда қорғаушылар заң бұзушылықтар жойылмағандығына байланысты істі прокурорға қайта қайтаруды талап етті. Сондай-ақ, адвокаттар қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасы болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

Бірақ сот бұған ешқандай себеп көрмеді және адвокаттардың өтініштерін қанағаттандырудан бас тартты. Басты сот талқысы 28 маусым, сағат 10: 00-ге тағайындалды. Сот отырысы ашық өтеді.

2018 жылы наурызда Энергетика министрінің бұрынғы орынбасары Ғани Сәдібеков мердігердің басшысымен сөз байласты деген күдікпен ұсталды.

Істің Щучье-Бурабай шипажай аймағындағы көлді тазартуға бөлінген бюджеттің ақшасын ұрлаумен байланысты екендігі хабарланды.
2018 жылдың маусым айында энергетика министрінің тағы бір бұрынғы орынбасары Бақытжан Жақсалиевтің үй қамағында болғаны белгілі болды. Ол мердігердің мүддесіне сай қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

Екі шенеунікке басқалардың сеніп тапсырылған мүлікті иемденді және жымқырды деп айып тағылды. 2020 жылдың шілдесінде заң бұзушылықтарды жою үшін іс прокурорға қайтарылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: