Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқтар Серіков жеке өмірін жария еткен Алмас Кішкенбаевты сынға алды

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2018 23:30 stan.kz
Сол сияқты актриса Данагүл Темірсұлтанова да Серіковтің пікірімен келіседі.

Жақында ғана әнші Алмас Кішкенбаев ел алдына шығып, өмірінде болып жатқан өзгерістер туралы айтқан болатын. Әйелімен ажырасқан әнші соңғы жылдары басына көп сынақ түскенін, салдарынан ішімдікке салынып, тіпті өзіне қол салмақ болғанын ашық мойындаған еді. Ал Тоқтар Серіков жеке өмірде болатын мұндай жағымсыз жайттарды халыққа жария етудің керегі жоқ деп санайды. Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Мүлдем қажет емес дүние. Өз басым қарсымын. Мен әйеліммен ажырасайын деп жатырмын болмаса екінші әйел алайын деп жатырмын деген жарнамаға қарсымын. Ол құпия болып қалатын дүниелер ғой. Осыны жасаудың қажеті жоқ. Әркімнің ой-өрісі, санасы бөлек қой. Дегенмен қазақ деген халыққа тән емес қасиет”, – дейді Серіков.

Сол сияқты актриса Данагүл Темірсұлтанова да Серіковтің пікірімен келіседі.

“Мен оны естімеппін. Бірақ дұрыс емес деп ойлаймын. Мүмкін ол бала, мен айтпасам да, халық біледі, өзімнің аузымнан естігені дұрыс деп ойлаған шығар. Әркімнің ошақ қасы өзінікі. Бірақ мен жастарға айтар едім, өзіңнің жеке өміріңді саудаға салып, пікір таластырудың қажеті жоқ деп есептеймін”, – дейді ол.

Еске сала кетейік, Кішкенбаев басына бірнеше сынақ түскен соң, ішімдікке салынып, өзіне қол жұмсамақ болғанын айтқан еді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: