Жаңалықтар тізбегі
0

"Барым, нарым!...". Төреғали Төрәлінің қарындасы болашақ жарын көрсетті

Инстаграм, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2019 23:30 Инстаграм
Желі қолданушылары жігіттің сақина ұсынар алдында тізерлемегеніне ерекше назар аударған.

Әнші Төреғали Төрәлінің қарындасы Фариза Төрәліге жігітінің сөз салған видеосы желіде жарияланды. Видеоны жас қалыңдық Instagram парақшасында жариялады.

Төреғали Төреәлінің қарындасы мектеп бітіре салып, тұрмысқа шыққалы жатыр. Ол жігітінің сөз салған сәтінің видеосын желіде жариялап, өзінің бақытты екенін елден жасырғысы келмейтінін білдірді.

Видеода жігіт қыздың қолына сақина тағып, қалыңдығын көтеріп алып шыр көбелек айналады. Желі қолданушылары жігіттің сақина ұсынар алдында тізерлемегеніне ерекше назар аударған.

"Әрбір қыз бақытты болуға лайықты! Мен үшін естен кетпес күн мен сезімдер. Кеше қобалжығаннан денемді сезбей қалдым, дірілдеп. Бүгін ғана басылды. Нәзік жанды әр аруға ер азаматының еркесі боп, қамқорында шын бақытты сезінулеріне тілектеспін!" деп жазды Фариза Төрәлі Instagram парақшасындағы жазбасында.

Айта кетелік, "Алтын белгі" иегері Фариза Төрәлі мектеп бітіре салып күйеуге тиюді жөн көрген. Фаризаның ағасы Төреғали да, ата-анасы да бұл жаңалықты оң қабыл алып, оған бақыт тіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: