Жаңалықтар тізбегі
0

Қабатов еркектердің жанына бататын нәрсені айтып, әйелдердің қытығына тиді

видеодан алынды видеодан алынды
Өз әзілінде әзілкеш еркектердің осындай мүшкіл күйге түспеудің жалғыз әрі нақ амалы барын да айтады.

Қабатовтың қазіргі заманғы еркектер туралы жаңа қағытпа әзілі көптің көңілінен шығуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бұрынғы ағаларымыз достарын ертіп, бейуақытта үйіне сау ете түсетін. Ол кезде түнде дүкен жұмыс істемейді, онда да кейбір тамақ тапшы. Бірақ жеңгелеріміз қайдан алатынын білмеймін, дастарқанды жайнатып жіберетін. Ал қазір дүкен 24 сағат істейді, іші тамаққа сықып тұр. Бірақ қазіргі еркектер әйеліне ескертпей үйге адам әкеле алмайды. Ал адам әкелу үшін ол бастық секілді әйелінің қабылдауына жазылады бірінші. Қабылдаған соң, онда да шошытып алмайын деп әңгімені әріден бастайды. Көбіне "отказ" ғой. Өтініші қанағаттандырылмайды. Содан ауылдан келген кластасың немесе досыңнан қашып жүргенін. Телефоныңды өшіріп тастайсың. Немесе өтірік айтасың, алыс бір жаққа кетіп қалдым деп, - дейді Тұрсынбек Қабатов қазіргі еркектердің жанына батататын бір мәселенің шетін қылтитып.

Өз әзілінде әзілкеш еркектердің осындай мүшкіл күйге түспеудің жалғыз әрі нақ амалы барын да айтады.

"Алғаш келін болып түскенде, зырылдап бәрін сыйлайды дейсің әйелін. Одан соң бір бала пайда болғанда, "кетіп қалам" деп қорқытып сенің бетіңді бері қаратып алады. Екі бала туғанда енесін қаратады. Ол шалына ұрсып жүреді, құрысын деп. Үш бала туғанда қайынатасы келін жақ болады. Ал төрт бала туғанда оған бүкіл әулет қарайды. Ол - сол үйдің генералы, дәурені мен сөзі жүретін. Ата-енесінің өзі ол кезде келінге сәлем салады.

"Айналайын, тұрдың ба? Жата тұрмадың ба тағы да. Шәйді өзіміз де қойып іше береміз",- дейді.

Ал бесінші бала дүниеге келгенде ана әйелде өзгеріс болады екен. Кішкене ойлана бастайды. Өйткені бес баламен бір көлікке сыймайды ғой кетіп қалайын десе. Ал бір-екі бала есік аузындағы шабадан сияқты, көтеріп кете беретін. Аталарамыз 10-15 баланы неге тудыртқанын түсіндіңіздер ме енді? Онша баламен ол қайда сияды, оларды қалай жалғыз асырайды? Құрысын осы байым аман болсын деп зырылдай береді одан соң. Сондықтан үйіңізге емін-еркін кіріп, кімді әкелемін десең, өзім білемін десең, онда баланы көптеп тудыртыңдар жігітттер!", - дейді ол.

Оқи отырыңыз: Туканың Шымкенттегі пентхаусын көрген жігіт таң қалды

Тағы да: Сәукелемен жалаңаш суретке түскен қыз тәубеге келгенін айтты

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз