"Өз алдына бөлек халық". Атақты рэпер шымкентскийлерді сөз қылды
ZTB.kz
Jah Khalib-тің айтуынша, 90-шы жылдары Шымкент өте "криминальный" қала болған.
Атышулы қазақстандық рэпер Jah Khalib (Бахтияр Мамедов) шымкенттіктер туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды, Zakon.kz.
Оның сұқбаты youtube желісінде жарияланды.
- Бізде Шымкент деген қала бар, қазақ-өзбек аралас мегаполис. Шындығында, қазақтар ержүрек батыр халық. Байырғы замандағы көшпенділер. Көшіп жүріп, соғысқан. Енді оларға өзбектер өз менталитетімен қосылып, ол арада кәсіпкерлікті дөңгелетіп жатыр. Содан кейін де басқа өңірдегі қазақтар шымкенттіктерді онша жақтырмайды. Өйткені олар салыстырмалы түрде кішкене өзгешелеу, кәсіпкерлікке, іскерлікке жақындау. Өте пысық, кез келген істі қиынсынбай қолға алып, дөңгелетіп әкетеді, қайда бар десең де жер таңдамай жүре береді. Қазір Қазақстанның барлық жеріне шымкенттіктер барып алған, ісін жақсы дөңгелетіп жатыр, - дейді ол.
Jah Khalib-тің айтуынша, 90-шы жылдары Шымкент өте "криминальный" қала болған. Ол үшін шымкенттіктер - бөлек халық.
Оқи отырыңыз: Туканың Шымкенттегі пентхаусын көрген жігіт таң қалды
- Адамдарының көңілі кең, жаны таза. Қонақ десе ішкен астарын жерге қойып, жаны қалмай күтеді.Соған қарамастан барлығы "шымкенттіктер өте қауіпті" деп санағандар бар, бірақ ол жаққа барсаңыз, қатты қателескеніңізді түсінесіз, өйткені барлығы сырттан келгендерді кеудесін кеңге жая, еш жақтырмай қарсы алады, - дейді ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript