Еліміздің бес қаласында жоспарланған Jah Khalib-тің концерттері болмай қалуы мүмкін

Jah Khalib, концерт, Астана, Алматы, Шымкент, Өскемен, Ақтау, қызы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2025 19:50 Сурет: ВКонтакте/Бахтияр Мамедов
Рэпер Jah Khalib Қазақстанда жоспарланған алдағы концерттеріне байланысты жанкүйерлеріне жүгініп, мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, өткізілуі тиіс өзінің туры тоқтатылады немесе басқа уақытқа ауыстырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның Өскемен, Шымкент, Алматы, Ақтау және Астана сынды бес қаласында өтуі тиіс болған турының тоқтатылғаны туралы әнші Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

"Бұған себеп - дүниеге келген туған қызымның отадан кейін жағдайы ауыр болып қалуы. Қанша күш-жігерімді жинауға тырысып бақтым, бірақ сахнаға шыға алмайды екенмін", деп жазды Jah Khalib.

Сондай-ақ ол қазір өзінің қолдауын қажет ететін әйелінің жанында болуы керектігін айтады

"Сіздер түсіністік танытады деп үміттенемін және өздеріңізден балаларымыздың денінің саулығы үшін дұға етулеріңізді сұраймын", - деп сөзін қорытындылайды рэпер.

Бұған дейін Джей Лоның иығына шапан жапқан ел азаматы өз арманы орындалғанын айтып, қуанышты жаңалығымен бөліскен белгілі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: