"Джей Лоның иығына да шапан жаптым". Концерт кезінде ел азаматы өз арманын орындады

Дженнифер Лопес, шапан, концерт, Дінмұхаммед, кәсіпкер, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2025 17:50 Сурет: Facebook/jenniferlopez
Отандық кәсіпкер Дінмұхаммед Сыздықов өзінің арманын жүзеге асырып, америкалық әрі мега әнші Дженнифер Лопеске камзол сыйлады. Бұл жайт әншінің 2025 жылы 1 тамыздағы Астанаға сапары кезінде болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған оқиғамен кәсіпкер бүгін, 2025 жылғы 4 тамызда бөлісті. Сыздықов желіде Дженнифер Лопеспен  бірге түскен суретін жариялады.

"Джей Лоға қазақ камзолын кигіздім. Осындай сыйлығы үшін дизайнер Эльмира Ибрагимоваға алғыс айтамын! Сеніміңе рақмет, қолдан жасалған керемет туынды, Дженниферге өте ұнады", делінген сурет сипаттамасында.

Бір қызығы, ол Instagram парақшасындағы профилінде қандай жұмыс істейтінін былайша ерекше атап көрсетіпті: "Мен атақты адамдарға шапан сыйлаймын".

Желі қолданушылары бұл әрекетті қуана қолдап, өз пікірлерімен бөлісіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: