Жаңалықтар тізбегі
0

Мақал – сөздің майонезі. Заманға сай жаңа мақал-мәтелдер бар

facebook.com / Ермахан Шайхы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2019 23:22 facebook.com / Ермахан Шайхы
Аңдамай сөйлеген косякқа кіреді.

Сатирик Ермахан Шайхы өзі шығарған жаңа мақалдарын желіде жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның жаңа үлгідегі мақалдары мынадай екен:

Байдың шарапаты тиер тар жерде,
МАИ-дың кесапаты тиер әр жерде.
***
Мат болған кәрөлден,
Шах қойған пешкі артық.
***
Қатын түнде жаман емес,
Күндіз жаман.
***
Ашу – тапанша,
Ақыл – доллар.
***
Демеуші болмаған фирмадан,
Қаңырап тұрған ферма артық.
***
Ұл өсірме, қыз өсір,
Қалыңмалы оның көл-көсір.
***
Атасы бардың жорғасы бар,
Әжесі бардың дорбасы бар.
Ағасы бардың "Вольвасы" бар,
Тоқалы бардың сор басы бар.
***
Әйелімнің кеткеніне емес,
Құтылғаныма жылаймын
***
Біреудің байы біреуге,
Тауар артқан КамАЗ-дай көрінеді.
Біреудің әйелі біреуге,
Мерседестей сылаңдайды.
***
Аңдамай сөйлеген косякқа кіреді.
***
Бастық күлсе,
Орынбасары езу тартады.
***
Тоқал алсаң,
Бәйбішеңнің көзінен жас шығады.
***
Мастың тіліне полиция түсінеді.
***
Паханын көріп тиіп ал,
Маханын сразу тыйып ал.
***
Өз әйелің ұрыспаққа жақсы.
***
Бастық ашуланса,
Еден жуушының мұрны қанайды.
***
Екі бастықтың құйрығы,
Бір креслоға сыймайды
***
Қатын байыса,
Байын ұрады
***
Тіл – өсекші,
Көз – стукач.
***
Бастықтың "жаманы" жоқ,
Дегенмен, жел сөзден аманы жоқ.
***
Шенеунік атақ үшін туады,
Билік үшін өледі.
***
Үкіметке халықтан
Cалық қымбат.
***
Депутат дауыс жинарда шынығады,
Мәжіліс отырысында тынығады.
***
Әкімнің иілгені – тынғаны.
***
Депутатты "сайрай бер" деп дауға қой,
Министрді "сата бер" деп малға қой,
Ал халықты қару беріп жауға қой!
***
Офисте оймен ою оймаса да,
Мәжілісте сөзбен сызу сызады.
***
Үш рет депутат болсаң да,
Халықтың қарызынан құтыла алмайсың.

Ермахан Шайхыұлы

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: