Жаңалықтар тізбегі
0

"Мейрамбек синдромы". Елді әншілердің "жаулап алғаны" – қоғамның дерті

facebook.com / Аягүл Мантай, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2019 15:27 facebook.com / Аягүл Мантай
Енді әншілер жаппай əкім, министрдің кеңесшісі болу үшін барын салса - таң қалмаңыздар.

Мəселе - Мейрамбекте емес. Мәселе - əр нəрсенің дозасын білмейтін біздің мынау жүйеде, деп қынжылады желіде Аягүл Мантай.

- Кеше Мейрамбектің Алматы қаласы əкімінің штаттан тыс кеңесшісі болғанын қабылдай алмайтынымды жаздым. Пікірімді кейбір оқырмандардың қабылдамағаны анық. Рас, Мейрамбекте деңгей бар. Мейрамбекті жақсы көрем. Бірақ мəселе - Мейрамбекте емес, біздің жүйеде. Қазір осыдан он бес жыл бұрынғы Қазақстан болса, Мейрамбекті қолдар едім.
Қазір теледидарды, бүкіл ақпарат құралдарын əншілер "жаулап алды". Бұл - қоғамның дерті.
Бастапқыда телеарнаға жүргізуші боп осылай бір-екі əнші келді. Содан өздеріңіз де білесіздер, əншілердің көпшілігі жүргізуші болуға ұмтылды.
Ертең де кейбір əншілер əкім, министрдің кеңесшісі болу үшін барын салса, таңғалмаймын. Онда Қазақстанда Мейрамбек синдромы басталады... Қайталап айтам, мəселе - Мейрамбекте емес, біздің жүйеде, əр нəрсенің дозасын білмейтін жүйеде, - деп жазады ол.

Шоуқұмар шошақайлар "екі жеп, биге шықса"...

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: