Жаңалықтар тізбегі
0

"Димаштың қарындасы" деген видео елдің түсінбеушілігін туғызды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2019 22:21 видеодан алынды
Ал видеодан әншіні танып қалған бірі оның Шымкенттің әншісі екенін, Димашқа ешқандай туыстық қатысы жоқтығын жазыпты.

"Димаш Құдайбергеннің қарындасы "Қалжыраған аққулар махаббаты" әнін орындады" деген тақырыпта Ютуб желісіне жүктелген видео көптің түсінбеушілігін туғызды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Расында, видеода ән салып тұрған қыз Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушанға түк ұқсамайды. Сол секілді анасына да келмейді.

"Ұят емес пе, елді алдап!!! Бұл Димаштың қарындасы емес, ол небәрі 17-18 жаста. Ал мына ән шырқап тұрған қыз 22-25 жаста болуы керек. Тіпті, ұқсамайды да. Димаштың қарындасы нәзік әрі сүйкімді" деп жазды желі қолданушылардың бірі.

"Мүмкін туған қарындасы емес шығар, ал туған қарындасының есімі Раушан болатын, ал мұнда Ақбикеш деп жазылып тұр" деп жазды тағы бірі.

Оқи отырыңыз: Димашқа ақыл айтқан Нұртас Адамбайды Қанат Айтпаев орнына қойды

"Бізде қазақтар қыз балаға қарындас деп айтады. Сондықтан онда тұрған не бар, қыздың дауысы тамаша екен" деп жазды тағы бір желі қолданушысы.

Ал видеодан әншіні танып қалған бірі оның Шымкенттің әншісі екенін, Димашқа ешқандай туыстық қатысы жоқтығын жазыпты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: