Жол апатына ұшыраған Сиви өз еркімен ауруханадан шығып алды
2 қыркүйекке қараған түні жол көлік апатына ұшырап, қатты зардап шеккен әнші Сиви Махмуди ауруханадан үйге шығып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Toyota көлігінің жүргізушісі қарсы беттегі жолға шығып, Сиви отырған Porsche көлігімен соқтығысқан.
- Кеше біз оны үйіне алып келдік. Ауруханадан өз еркімен бас тартты. Оның оң қолы мен бұғана сүйегі сынған. Ал әнші мінген көліктің жүргізушінің сол қолы сынған. Қазір денсаулыққа келтірілген зиянның ауыртпалығын анықтау үшін медициналық сараптама тағайындалды, - деп хабарлайды әншінің әкімшісі Абай Малахов Zakon.kz-ке.
Оның айтуынша, Toyota көлігінің жүргізушісіне қатысты, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша іс тіркелген.
- Toyota көлігінің жүргізушісі орташа күйде мас болғаны анықталды. Оған, оның жолаушыларына да түк болмаған, - дейді Абай.
Сондай-ақ ол оқыс оқиғаға қарамастан әншінің жұмысқа шыққысы келіп, тыпыршып отырғанын да жеткізді.
- Оның көңіл-күйі қазір қалыпты, бірақ ол жұмысына қатты алаңдаулы. 6-7 қыркүйекте ол үйлену тойларында болуы керек, - деді ол.