Атақты актриса шығармашылығымен еріксіз қош айтысты
"Байлар да жылайды" және "Жабайы Роза" фильмдерінде басты рөлдерді сомдаған актриса Вероника Кастро шығармалылықпен қош айтысатынын жариялады. 66 жастағы актриса бұл шешімін Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Өзімді жақсы көретін барлық адаммен қош айтысамын. Еріксіз болса да. Бұл менің соңғы 53 жылдағы кәсібім, нәсібім болды. Шынын айтсам, қатты шаршадым: Агрессиядан, бітіп болмайтын дұшпандардан, өсек-аяңнан. Енді өз әлемімде тыныш өмір сүрсем деймін" деп жазды ол желіде.
Вероника Кастроны посткеңестік елдер "Байлар да жылайды" және "Жабайы Роза" фильмдері арқылы таниды. Ол актриса ғана емес, сонымен қатар әнші де. Оның 20 шақты музыкалық альбомы жарыққа шыққан.
"Байлар да жылайды" фильмі 1991 жылы қараша айынан бастап экраннан берілді. Онда Кастро өз еңбегімен байыған Мариана Вильяреаль деген әйелді сомдайды. Ал "Жабайы Роза" фильмі 1994 жылдан бастап экраннан берілді.
Оқи отырыңыз: "Шешем екеумізді тастап кеткен". Атақты әнші өз әкесін кешірмеді
Актриса ешқашан күйеуге шықпаған. Бірақ оның жолдан тапқан екі ұлы бар. Бірінші ұлы - Кристиан қазір әнші, бір сұқбатында ол өзінің әкесі танымал әзілкеш Мануэл Вальдес екенін айтқан. Вероника атақты актер Энрике Ньембромен 7 жыл азаматтық некеде болып, одан да ұл туған. Таяуда әнші апа атанды.
Ол өзінің қартаймауына хрирургиялық отаның "жемісі" барын айтады. дегенмен әнші өмір бойы спортпен талмай шұғылданып келеді. Соның арқасында оның салмағы ешқашан 48 келіден асып көрмепті.
Бұл актрисаның 2018 жылы түскен суреті екен, яғни 62 жасындағысы.