Әйгілі режиссер Жан-Люк Годар эвтаназия тәсілі арқылы өмірімен қош айтысты
Сурет: Instagram/Jean-Luc Godard Film
Әйгілі француз режиссері Жан-Люк Годар өмірімен қош айтысты. Ол өмірден кетуге өзі ерік білдіріп, эвтаназия тәсіліне жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы libération газетіне кинорежиссердің туыстары айтып берген.
Ол ауырған жоқ, тек өмірден шаршады. Сондықтан ол өз өмірін қию туралы шешім қабылдады. Бұл оның өз шешімі және ол бұл жайында көптің білгені маңызды екенін айтты.
91 жастағы режиссер Швейцарияда тұрып жатқан, ал бұл мемлекетте эвтаназия тәсілі заңдастырылған. Яғни, медициналық жолмен адамның өмірін қию.
Жан-Люк Годар 1930 жылы Парижде дүниеге келген. Ол әлемге әйгілі актер Жан Пол Белмондоны танытқан режиссер.
Оның еншісінде 130 туынды бар, олардың арасында "Жек көру" (1963), "Аутсайдерлер бандасы" (1964), "Әңгүдік Пьеро" (1965) және басқа фильмдер де бар.
Ол өзін кино сыншысы, актер, монтаж жасаушы, сценарист және басқа мамандықтарда сынап көрген шығармашылық адам.
Жерлеу рәсімі отбасы аясында тар шеңберде өткізілетіндігі айтылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript