Алматыда 23 жастағы қыз биіктен секіріп, өмірімен қош айтысты
Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінің балконынан 23 жастағы қыз секіріп кетті. Суицид оқиғасы Бостандық ауданында орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласының полиция департаменті бұл фактіні растады.
"Аталған факт ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өз-өзіне қол жұмсау арқылы 2000 жылы туған В. деген азамат өмірімен қош айтысқан", – деді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қайғылы оқиғаның басқа мән-жайлары анықталу үстінде.
Айта кетсек, 24 сәуірде Ақтөбеде бір түнде үш суицид оқиғасы тіркелді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript