Бұзылған қыз! Джолиге ұқсайтын ирандық ару қамауға алынды
instagram
Оның Instagram-дағы аккаунты да жойылған.
Тегеранда танымал актриса Анжелина Джолиге түрін ұқсатып, пластикалық ота жасатқан Сахар Табар деген бойжеткен қамауға алынды.
22 жастағы ирандыққа жастарды зорлық-зомбылыққа, сыбайлас жемқорлыққа шақыру, заңсыз жолмен баю және ислам дресс-кодын қорлау, Құдайдың ісіне қарсы шығу сынды айып тағылуда. Оның Instagram-дағы аккаунты да жойылды.
2017 жылдың қараша айының соңында БАҚ беттерінде актриса Анжелина Джолиға ұқсау үшін 50 пластикалық ота жасатқан және сол үшін 40 келіге арықтаған Табар туралы алғаш рет жазыла бастады.
Кейін қыз өзінің осылай қалжыңдамақ болғанын мойындады. Ирандық қыз бірнеше пластикалық ота жасатқанын растаған, бірақ ол өзінің әйгілі актрисаға ұқсаған кейпін макияж бен фото редактордың көмегімен жасағанын айтады.
2018 жылдың шілдесінде иран бойжеткені өзінің шынайы суреттерін желіде жариялады. Қыз өзін Анджелина Джолиға ұқсатқанын қаламайтынын, өйткені өз түрі өзіне ұнайтынын айтқан.
Дерек көз: Лента.ру
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript