Жаңалықтар тізбегі
0

"Екі кісі өлген...". Жаманқұловты тағы сотқа береміз деп ел шулап жатыр

pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2019 15:54 pixabay
Интернетте қараусыз қазандықты сатуға қойылғаны туралы жарнама жүр.

Алматы маңындағы ықшамаудандардың бірінің тұрғындары халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловқа тиесілі ғимаратты бұзуды талап етіп жатыр. Қала тұрғындары қараусыз ғимаратты нашақор және маскүнемдер паналап, онсыз да қирандыға айналдырғанын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz. КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Мына арада бір кездері қазандық болған деп ойламайсыз. Ғимараттың қараусыз, бос жатқанына, міне 20 жылға жуықтайды. Осынша уақыт жергілікті тұрғындар үйсіз-күйсіз, маскүнем және нашақор жандармен талмай күресіп келеді. Оның үстіне қараусыз бос жатқан бұл жерді соңғы кездері оқушылар да иектейтін болып алған", - дейді телеарна тілшісі.

Алматы шетіндегі терезесі, есігі жоқ қараусыз бұл ғимарат үйден гөрі қоқыс алаңына көбірек ұқсайды. Бірақ тұрғындар бұл бергі жағы ғана дейді.

- Бұл арада екі кісіні өлтіріп кеткен. Бір қыз асылып қалған. Осыдан кейін де Алатау аудандық ішкі істер басқармасы ешнәрсе жасамады. Кешіріңіздер, біз балаларымыз үшін алаңдаймыз, бұл өздігінен құлап жатқан ғимарат. Баланың үстіне құлап кетсе қайтеміз, - дейді жергілікті тұрғын Айгүл Ералиева.

Алатау ауданы әкімі аппараты Жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Әбілахат Жапақтың айтуынша, олар қараусыз қалған ғимаратты қожайынының рұқсатынсыз бұза алмайды.

- Ғимарат Тұңғышбай Жаманқұловқа тиесілі. Біз ол кісімен сөйлесіп, тұрғындардың арызын жеткізгенбіз. Ол халықпен кездесіп, мәселені шешуге уәде берді. Ол арадағы қоқыс үшін айыппұл салынған. Оны төлеп қойды. Бірақ қоқыс тастайтындардың қайсібірін аңдисың. Ғимарат бос. Иесі оны сатуға қойыпты, - деді Әбілахат Жапақ.

Жаманқұловтың Теректі тұрғындарымен қашан кездесетінін аудан басшылығы нақтыламады. Бірақ қала тұрғындары көп күте алмайтындарын айтады. Олар қазірдің өзінде қол жинап, қараусыз ғимарат иесін сотқа бермек.

Айтпақшы, Интернетте қараусыз қазандықты сату туралы жарнама жүр. Тұңғышбай Жаманқұлов өзіне бәле болып жабысқан бұл жылжымайтын мүлікін 100 миллион теңгеге бағалапты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: