"Ұстап көрді". Димаш Америкада ән салып, жұрт сахнаға лап қойды
26 қазанда Димаш Құдайберген Нью-Йорктің Barclays Center стадионында өткен композитор Игорь Крутойдың 65 жылдық мерейтой концертіне қонақ ретінде қатысып, бірнеше рет ән орындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Димаштың келетінін естіп алған америкалық қауым оны әуежайдан құшақ-құшақ гүлмен қарсы алды.
Посмотреть эту публикацию в InstagramWe landed in America. Thanks to everyone who met me at the New York airport. I love you.
Ал Игорь Крутойдың кешінде Димаш сахнаға шыққан сайын бүкіл көрермен орнынан тік тұрып, аямай қол соғып, ерекше құрмет көрсетумен болды.
Димашты періштеге балайтын қауым оны ұстап көруге тырысып, сахнаға ұмтылды. Күзетшілер қалың жұртты сахнаға көп жақындатпауға тырысты. Дегенмен кейбірі Димашқа жете алып жатты. Ол сахна алдына иіліп отырып, жанкешті көрермендерінің қолын ұстап тұрып ән салды.
Посмотреть эту публикацию в InstagramWe landed in America. Thanks to everyone who met me at the New York airport. I love you.
Айта кетсек, бұл кешке Димаштан бөлек Ресейдің бір топ әншісі де қатысқан. Олардың арасында A'Studio тобы, Ирина Аллегрова, Алсу, Николай Басков, Дима Билан, Интарс Бусулис, Филипп Киркоров, Валерий Леонтьев, LOBODA, Ани Лорак, Анжелика Варум да бар.