Жаңалықтар тізбегі
0

Мектептерге шейхтердің есімі неге берілгелі жатқанын әкімдік түсіндіріп берді

elorda.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2019 23:33 elorda.info
Әкімдіктегі мәлімдемеге сәйкес, инвесторлар мектеп құрылысынан бөлек, білім беру ордаларының материалды-техникалық жабдықталуын да өз мойындарына алған.

Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев елордалық мектептерге араб шейхтерінің есімін беру ұсынысы жайлы түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz Елорда Инфо-ға сілтеме жасап.

"Мектеп – білім беру жүйесіндегі ең басты нысандардың бірі. Қазіргі уақытта елордамызда 87 мектеп бар. Соның ішіндегі 10 мектепке Қазақстандағы әйгілі тұлғалардың есімі берілген. Одан бөлек, қаламыздың дамуына шетелдік инвесторлар да өз үлесін қосуда. Мысалы, шейх есімдерін беруге ұсыныс жасалған мектептер шетелдік инвестицияға салынған. Осылайша, Халифа ибн Заид әл-Нахаян атындағы гуманитарлық қор №84 мектеп-лицейінің құрылысын толықтай қаржыландырған, ал №85 мектептің құрылысын Катар мемлекетінің даму қоры қаржылай қамтамасыз еткен. Аталмыш білім беру ұйымдары инвесторлар тарапынан білім беруге қажетті барлық құралдармен жабдықталды, - деді Т. Қышқашбаев.

Әкімдіктегі мәлімдемеге сәйкес, инвесторлар мектеп құрылысынан бөлек, білім беру ордаларының материалды-техникалық жабдықталуын да өз мойындарына алған. Жекелей алғанда, қажет болған жағдайда құрылыс жұмыстары жүргізіліп, оқу құралдары алынады.

Қышқашбаевтың айтуынша, мектептерге араб шейхтерінің есімдерін беру туралы ұсыныс осы мектептердің басшыларынан келіп түскен. 2019 жылдың 3 қазанында қалалық ономастикалық комиссияда 12 білім беру орталықтарына есім беру мәселесі қарастырылып өз шешімін тапқан. Жіберілген ұсыныс ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссияға қарастыру үшін жіберіледі.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бөлек елордалық мектептерге Жұмабек Тәшенов, Ахмет Байтұрсынов, Бейімбет Майлин, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Ілияс Жансүгіров, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейхан, Сәкен Сейфуллиннің сынды қоғам қайраткерлерінің есімдері беріледі. Сонымен қатар, Оқушылар сарайы Әбу Насыр әл-Фарабидің есімімен аталмақ.



zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: