Актриса Раиса Мұхамедиярова дүниеден озды
Театр және кино актрисасы Раиса Мухамедиярова дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
Раиса Мұхамедиярова 5 қарашада таңертең көз жұмды. Қайғылы хабарды Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрының өкілдері растады. Актриса бұл театрда 1995 жылдан бастап 2002 жылға дейін еңбек еткен.
Раиса Мәжитқызы Мұхамедиярова 1939 жылы 11 шілдеде Семей облысы Көкпекті ауылында дүниеге келген.
ҚазССР-і мен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, КСРО кинематографистер одағының мүшесі. Қазақ киносы мен театр саласына өлшеусіз еңбек сіңірген актриса. "Менің атым Қожа " және басқа да бірқатар фильмдерге түскен.
1964 жылы Раиса Мұхамедиярова Қазақстанның халық жазушысы Ғабит Мүсіреповке күйеуге тиген. Екеуі сегіз жыл бірге тұрды.
Ақтық сапарға шығарып салу күні мен уақыты әлі белгісіз.