Алматыда бүлінген мурал қайта жөнделді
Муралға суретші Арыстанбек Шалбаев жаңа өмір сыйлады. Қалпына келтіру жұмыстары Алматы муралдарын құру жобасының серіктесі болып табылатын финдық Tikkurila компаниясының бастамасы бойынша ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл өнер түрі бүкіл әлемде танымал, әдетте мұндай жұмыстардың коллекциясын жинайтын қалаларда қолтаңбаны қорғайтын және сәулеттік ортаның дамуын реттейтін арнайы заң бар, өз кезегінде бұл муралдың назарда болуын қамтамасыз етеді. Осы ретте "Әлемдерді біріктіре" муралы жағдайында Алматыға бұрын құрылған және болашақта жасалатын қалалық өнер заттарына қатысты қорғау шараларын қабылдау қажеттілігі жетіспейтіні байқалады.
Алматыда бірнеше жыл қатарынан жарқын стрит-арт объектілерін құру бойынша фестиваль өтеді, қазіргі уақытта қалада отандық және шетелдік суретшілермен орындалған 30-дан астам үлкен қабырғалық бейнелер бар. Ал, графиттиден ерекшеленетін бұл стрит-арт объектісі өнердің толыққанды туындысы болып табылады, олар вандалдардың, туындыға бей-жай қарайтын немесе суретшілердің еңбегін бағаламайтын адамдардың қолынан зардап шегуі әбден мүмкін.
Қала тұрғындары мен қонақтарының көзайымына айналған әл-Фараби даңғылы, 127 – Үлкен Алматы өзені мекен-жайы бойынша орналасқан "Әлемдерді біріктіре" муралы да қорғалмаған, ол үй тұрғындарының пәтерлерді жылыту жұмыстарынан зардап шекті.
Қала тұрғындары үшін әрбір муралдың пайда болуы – жаңа оқиға, ал кей кезде біздің қаза тапқан батыр-отандастарымызды еске салу. Жақында қала орталығында пайда болған атақты альпинист Анатолий Букреевке арналған бейне осыған мысал, әлемдік альпинистік қауымдастық өкілдерінің пікірінше, ол ХХ ғасырдың ең мықты биік шың альпинистерінің бірі болған.
"Муралды қалпына келтіру жұмыстарын ондаған қала тұрғындары қызығушылықпен тамашалады. Тіпті көлік жүргізушілері даңғыл бойымен осы муралдың жанынан өтіп бара жатқанда, жасалған әсемдікті тамашалау үшін жылдамдықтарын төмендетті. Біз жобаның қазақстандықтардың жүрегінде орын тапқанына өте қуаныштымыз және шығармашылықтың осы түрін дамытуды жалғастыруға ұмтылатын боламыз. Біз қала ғимараттарының қабырғаларындағы бейнелердің жоғары көркемдік үлгілерге айналғанын, ал Алматы қаласының жыл сайын көрікті, жарқын әрі қызығырақ бола түскенін қалаймыз", - деп атап өтті Орталық Азия Tikkurila коммерциялық директоры Айгерим Турлибекова.
ARTBAT FEST заманауи өнер фестивалінің серіктесі аясында алғашқы муралдар пайда болды, ал финдық Tikkurila компаниясы өнер туындысын қалпына келтіру бойынша жұмыстар үшін өздерінің сапалы бояуларын ұсынды. Көркем қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстандағы танымал суретші, Шымкент қаласының "Қызыл Трактор" трансавангардты арт-тобының ең жарқын өкілдерінің бірі – Арыстанбек Шалбаев шақырылды.