Алматыда қоғамдық көлік жұмысының уақыты ұзартылды

Алматы қаласының әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2020 21:05 Алматы қаласының әкімдігі
Қала маңы маршруттарының жұмысын қалпына келтіру әзірге жоспарда жоқ.

Қалалық автобус маршруттары 21 мамырдан бастап сағ. 21:00-ге дейін жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл ретте жолаушылар бетперде тағу және әлеуметтік арақашықтықты сақтау сияқты санитарлық нормаларды қатаң сақтаған жағдайда ғана қоғамдық көлікпен қатынай алады. Сондай-ақ автобус салонындағы жолаушылар саны отыратын орындардың санынан аспауы тиіс. Қала автопарктерінің бірінде атап өткендей, егер барлық орындар бос емес болса, келесі автобусты күту керек. Жолаушылар ағынының айтарлықтай азаюына қарамастан, қала тұрғындарының ыңғайлылығы мен күту аралығын қысқарту үшін қазір автобустардың 90%-ы жолға шығарылды. Сондай-ақ жолаушылар ағынының ұлғаюы байқалған танымал бағыттарда жылжымалы бірліктер саны артты.

Сонымен қатар, санитарлық нормалардың сақталуына жолаушылардың өздері жауапты екенін атап өткен жөн. СЭС қызметкерлері құқық қорғау органдарымен бірлесіп қоғамдық көлікте тексерулер ұйымдастыратын болады.

Естеріңізге сала кетейік, қала маңы маршруттарының жұмысын қалпына келтіру әзірге жоспарда жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: