"Дарақылық-ай!". Желіде тойханада тайғанақтаған жылқының видеосы жарияланды
иллюстрация үшін алынды
Видеода жылқы тұяғы жылтыр еденге тұрақтай алмай тайғанақтап, тіпті шаты айырылып кете де жаздайды.
Қазақта құрметті қонағына ат мінгізу дәстүрі бар. Осы салтты ұмытпаған кейбір қала қазақтары қазір жылқыны тура мейрамхана ішіне алып кіреді. Міне, тура осындай сипаттағы видео әлеуметтік желілердің бірінде жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видео Instagram-дағы Жарас Ниязбектің парақшасында жарияланды. Видеода жылқы тұяғы жылтыр еденге тұрақтай алмай тайғанақтап, тіпті шаты айырылып кете де жаздайды.
"Әй, дарақылық-ай! Қайтер екен? Жылқыға обал ғой. Не енді мынау?", - деп жазды видео авторы.
Желі қолданушыларының бір парасы жылқыны осылай қинап қойған той иесіне ренішін жеткізсе, тағы бірі "онда тұрған дәнеме жоқ, бұл қазақтың дәстүрі" деп қолдау білдірді.
"...Бәйге аты екені рас. Тойханаға жап жақсы кіріп, үрікпей тұрды. Қ деген азамат атасына міңгізгенде ел қалай сүйсінді. Атаның ат үстінде сезімін сөзбен айтып жеткізе алмайсың! Сенің әкең секілді жаны жылқы кісі екен бұл атамыз", деп жауап жазыпты видео астына бұл тойды жүргізген асаба жігіт.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript