К-pop жұлдызы 28 жасында қайтыс болды
instagram
Өлім себебі белгісіз, полиция тергеуге кірісті.
Оңтүстік Кореяның әншісі мен актрисасы Гу Хара Сеулдегі өз үйінде өлі күйі табылды, деп хабарлайды Lenta.ru.
Басылым атап өткендей, мұның алдында ғана бойжеткен өзінің Instagram-аккаунтында сурет жүктеп, оның астына "Қайырлы түн!" деп жазған.
Өлім себебі белгісіз, полиция тергеуге кірісті. Биыл мамыр айында Хара өзіне қол салмақ болғаны айтылады – ол кезде ессіз-түссіз жатқан әншіні менеджері тауып алып, ауруханаға жеткізілген.
Гу Хара бұрын корейлік герл-бэнда Kara-ның қатысушысы болған. 2015 жылы әнші жеке карьерасын бастап, Alohara (Can You Feel It?) атты мини-альбомын шығарған. Гу Хара сондай-ақ бірнеше сериалға түскен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript