Жаңалықтар тізбегі
0

Әсел Айтпаеваның өлімі: Қызды зорлады деп айыпталған басты күдікті қайтыс болды

rus.azattyq-ruhy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2021 21:06 rus.azattyq-ruhy.kz
Бесик Тодуа ауруханада қайтыс болған, өлімнің нақты себебі әлі белгісіз.

26 жастағы Қазақстан азаматы Әсел Айтпаеваны зорлады деп айыпталған Бесик Тордуа қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Sova.news-тің хабарлауынша, ол ауруханада қайтыс болған, өлімнің нақты себебі әлі белгісіз.

Адвокат Лаша Шукакидзенің айтуынша, оның қорғаушысы бір апта бұрын түзеу мекемесінен ауруханаға ауыстырылған. Қорғаушы айыпталушымен кездескісі келгенде, оған Тордуаның ес-түссіз жатқаны жеткізілген.

Дәрігерлер маған Тордуаның басында қан ұйығанын айтты, - дейді Лаша Шукакидзе.

Қазақстандық бойжеткеннің отбасы келтірген адам саудасы дәйегіне сүйенсек, Әсел үйінде тұрып жатқан туысы оны сатып жіберген.

Әсел Айтпаева 5 мамырға қараған түні Тбилисиде түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Қыз тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кетті. Оның туысқан апайы қайтыс болғанға дейін қыз өзінің құрбысына аудио жазба жіберіп үлгергенін айтты. Онда белгісіз ер адамның қызды балағаттап, қорлап жатқаны естіледі.

Тергеу барысында Грузия азаматы Зугдиди Бесик Тордуа ұсталды, оған зорлау және өзін-өзі өлтіруге итермелеу бойынша айып тағылды. Оған 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төнді. Сонымен қатар, марқұмның туысы Мұрат Мейірбековке де сырттай айып тағылды. Кейін ол Қазақстанда ұсталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: