Тоқаев Тасмағамбетовтың кіші қызын да марапаттады

ЭК/Алимжан Барангулов, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2019 22:41 ЭК/Алимжан Барангулов
Ол "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағына ие болды.

РФ-дағы Қазақстан Республикасының елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың екінші қызы Софья Тасмағамбетова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан марапат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Президенттің қолынан марапат алғандардың арасында сценограф және костюмдер бойынша суретші София Тасмағамбетова да бар.

Ол "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағына ие болды.

Софья Тасмағамбетова - РФ-дағы Қазақстан Республикасының елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың кіші қызы. Жасы 36-да. Қазақстанның үздік суретшілер тізіміне енген. Тұрмыс құрған, бір қызы бар.

Айта кетсек, бүгін Ақордада Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің 39 көрнекті тұлғаларына ордендер мен наградалар тапсырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: