Жаңалықтар тізбегі
0

"Алтын тобылғы" әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды

Алматы ТВ, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2019 15:23 Алматы ТВ
Бас жүлде Нұртас Тұрғанбекке бұйырды.

18 бен 35 жас аралығындағы жас ақын-жазушылар арасында өткізілетін дода Нұр-Сұлтан қаласында осымен бесінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Биыл байқауға 170 жұмыс ұсынылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұсынылған шығармаларды еліміздің белгілі мәдениет қайраткерлері, жазушылар мен журналистер бағалады. Көркемдік стилін, эмоционалды және эстетикалық әсердің тереңдігін, авторлар ойының жүйелілігін, идеясының өзіндік ерекшелігін бағалады. Бас жүлде Нұртас Тұрғанбекке бұйырды.

"Жалпы "Өткенге өкініш" деген шығарма өзім жайлы. Кішкентай кезімнен атамның жанында көп жүрдім. Сол кезде ойымда қатты өкініш болып қалып кеткен бір дүние бар. Ол – атам қайтқаннан кейін достары үйге газет сұрай келгенде тауып бере алмадық. Сол кезде жәй ғана "әй сені де" деп кететін. Сол кісілердің өкініп кеткені жүрегімде қалып қойды. Міне, шығарманың тууына сол бір ауыз өкініш сеп болды", - деді "Ұлы даланың жасампаз ұрпағы" аталымы бойынша жеңімпазы Нұртас ТҰРҒАНБЕК.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: