Жаңалықтар тізбегі
0

Елордада Махатма Ганди мен Қаныш Сәтбаевтың құрметіне ескерткіштер орнатылады

varlamov.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2020 20:55 varlamov.ru
Мәселен, Қаныш Сәтбаевтың ескерткішін Қажымұқан мен Сәтбаев көшесінің қиылысында қойылса ыңғайлы болар еді.

Елордада үнді саясаткері Махатма Ганди мен қазақ академигі Қаныш Сәтбаевтың құрметіне ескерткіштер орнатылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Уранхаев мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

"Бүгінде ескерткіштерді орнату жоспада бар, бірақ қай кезде екенін қазір айта алмаймын. Мәселен, Махатма Ганди, Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш қою жоспары бар", - деді ол.

Қазір ол ескерткіштерді қай жерде орнату керектігі анықталып жатқанын жеткізді.

"Неге анықталуда дейсіз бе? Өйткені ескерткішті кез келген жерге қоя алмаймыз ғой. Сондықтан ескерткіш қоюға болатын жерлерде орнататын боламыз. Мәселен, Қаныш Сәтбаевтың ескерткішін Қажымұқан мен Сәтбаев көшесінің қиылысында қойылса ыңғайлы болар еді", - деді Уранхаев баспасөз мәслихатында.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: