Жаңалықтар тізбегі
0

Әбу-Насыр әл-Фараби жайлы тың деректер табылды

Ашық дерекөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2020 15:59 Ашық дерекөздерден алынды
"Ұстаздың оралуы" деген деректі фильмді біз Тонарийский кино компаниясымен бірлесіп түсіріп жатырмыз.

Әбу насыр әл-Фарабидің 1 150 жылдығы биыл ел аумағында кеңінен атап өтіледі. Тіпті ЮНЕСКО төңірегінде бірқатар ауқымды шаралар жоспарланған. Ежелгі шығыс ғұламасының жазған еңбектері, ол туралы тың деректер де табылып жатыр. Біреулер, екінші ұстаз Парсы елінен шықты десе, енді бірі түркі жерінің тумасы дейді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әл-Фарабидің толық аты "Әбу насыр Мухаммат бин мухаммат бин тархан бин ұзлақ әл-Фараби әт Түрки". Ғалымдардың сөзінше, есімдегі "әт Түрк"» дегені оның Түркі елінен шыққанын дәлелдеп отыр. Екінші ұстаз 870-ші жылы Отырарда әскери отбасында дүниеге келген. Әбсаттар қажы Дербісәлінің сөзінше, бүікл әлем ғұламаны толық атымен атайды. Тек бір ел соңындағы "әт Түркиді" айтпайды екен. Ирандықтар оны Парсы текті дейді-мыс.

"Мен бірде Тегеран қаласына конференцияға бардым. Сөзден сөз шығып кетті. Біздің Отырар деген қаласынан, Фараб қаласынан әл-Фараби шыққан десем. «Жоқ, ол парсы, ирандық» деді. Сосын мен айттым. Сізде қандай деректер бар дедім. «Жоқ дерек, бірақ ол парсы» деді. Сосын мен айттым, сіз Ибн Хәлиқаның кітабын оқыдыңыздар ма? Ол кім деді. Ол әл-Фарабиден кейінгі бірнеше ғасырдан кейін өмір сүрген кісі. Әбу НАсырға ең жақын өмір сүрген кісі. Сол кісінің "Ұлы адамдардың қазасы" деген кітабының ішінде, әл-Фараби философ естелігі бар дедім. Соның ішінде осы Әбу Насыр бин Мухаммат бин Тархан бин Узлақ әл-Фараби әт түрки деп жазған дедім", - деді филология ғылымдарының докторы, шығыстанушы Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ.

Сөз таппай қалған парсы ғалымы, әл-Фараби өмір сүрген қала Отырардың басшылары Сомонидтер болған дейді. Сонда Әбсаттар қажы Дербісәлі: "Иә, дұрыс айтасың, бірақ Сомонидтер үкімет басында болды. Жергілікті халық түркілер еді" деген екен. Сонда әлгі сөз таластырған ғалымның аузына құм құйылған болса керек. Яғни, әл-Фарабиді біз түркі елінен шыққан ұлы ғалым деуге әбден құқымыз бар. Осындай деректер өмірден өткен ғұламаларымызды дәріптеуге, болашақ ұрпаққа кеңінен танытуға септігін тигізетіні анық. Осы күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұстаз туралы фильм түсірген екен. "әл-Фараби өркениет философы" қысқа метражды алғашқы деректі кино. Оны толықтай осы жоғарғы оқу орнының қызметкерлері дайындаған. Туынды Америкада көрсетіліпті. Жақын болашақта екіншісі таспаланбақ.

"Ұстаздың оралуы" деген деректі фильмді біз Тонарийский кино компаниясымен бірлесіп түсіріп жатырмыз. Ол да таза отандық фильм болып шығады. Сценарийін Сергей Азимов жазған. Бірақ толықтай біздің телерадиокешеннің қатысуымен болғандықтан ондағы түсірлім көп жұмыстарын бірлесіп дайындап жатырмыз", - деді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ телерадио кешенінің директоры Дәурен МАҚСҰТХАНҰЛЫ.

Биыл әл-Фарабидің 1150 жылдығы Алматыда кеңінен аталып өтеді. Қазір қазақ ұлттық университетінде ертең болатын әл-Фараби орталығының ресми ашылу салтанатына дайындық қызу жүріп жатыр. Шараға әлемнің 40-тан аса елінен ғалымдар қатысады.

Өмір Әнуарбек «Алматы» телеарнасы

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: