Бөкселерін бұлтыңдатқан Шакира мен Джей Ло елді естен тандырды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2020 22:24 видеодан кадр
Әлемге әйгілі хиттарымен, мың бұралған биімен көрерменді тәнті етті.

Әлемдік эстраданың жарық жұлдыздары Шакира мен Джей Ло АҚШ-тың Майами-Гарденс қаласындағы Hard Rock Stadium-ді жарды, деп жазады Nege.kz.

Америкалық футболдан "Субербоул-2020" турнирі аясында өткен концертте көрермен екі жұлдыздың жарқ-жұрқ еткен биінен естен тана жаздады.

Алдымен сахнаға Шакира шықты. Әлемге әйгілі хиттарымен, мың бұралған биімен көрерменді тәнті етті. Одан кейін кезек Джей Лоға келді. Ол да жарқылдады. Соңында екеуі бірігіп ән айтып билегенде, көрермендердің шуынан құлақ тұнды.

Концертті көрген Леди Гага былай деп жазыпты: "Дженифер Лопес, Шакира, мыналарың сұмдық болды! Шоу барысында бастан-аяқ билеп отырдым. Сендерді жақсы көрем!".

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: