Актер Жандос Айбасов орыс қызға үйленді

әлеуметтік желіден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2020 00:13 әлеуметтік желіден алынды
Келіннің есімі – Марина. Ол арт-директор және фотограф болып жұмыс істейді.

Отандық шоу-бизнес өкілі, каскадер әрі актер Жандос Айбасов бес жыл жүрген қызына ақыры сырға салып, ата-анасы қаңтар айында құда түсіп, қайтты.

Келіннің есімі – Марина. Ол арт-директор және фотограф болып жұмыс істейді.

"Сырға салу" дәстүрімен құда алдынан өтіп қайтқан күйеу жігіттің туған-туыстары келінді өз шаңырақтарына да қазақы дәстүрмен түсірді. Беташар айтылып, жеңгелер келінге үлкендерге сәлем салдыртып, басына орамал тақты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2020 00:13

Ал үйлену тойы қашан болатыны туралы әлі белгісіз. Жас жұбайлар өздерінің бас қосуы туралы ешкімге тіс жарып айтпаған, бірақ желіде әріптестері тарапынан келіп түсіп жатқан құттықтауларды риясыз қабыл алып жатыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2020 00:13

Дерек көз: 365info.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: