Димаш: Сахнаға мен тек қана бір елдің атынан шыға аламын, ол менің Отаным - Қазақстан!
Instagram
Ол америкалық CBS телеарнасындағы "The world’s best" шоуы конкурсант ретінде қатысқан соңғы байқауы болғанын баса айтады.
Димаш Құдайберген өзінің Ресейдің атынан "Евровидение-2020" байқауына қатысқалы жатқаны туралы қауесетті жоққа шығарып, болашақта еуропалық ауқымдағы бұл конкурста тек қандай жағдайда өнер көрсете алатындығын да айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Осы қауесетке байланысты хат көп келіп түскендіктен Димаш оған желідегі өз парақшасында түсінік беруді жөн деп шешкен.
"Құрметті достар, Евровидение байқауына Ресей атынан қатысу туралы көптеген хаттар келіп түсіп жатыр. Бұл байқауға мен тек қонақ ретінде шақырса ғана қатысуым мумкiн. Қатысушы ретінде байқауға қатыспаймын және керек деп санамаймын. Аса құрметпен жанкүйерлеріме айтарым, халықаралық аренада мен тек қана бір елдің атынан шыға аламын, ол менің Отаным - Қазақстан! Қолдауларыңыз бен ыстық ықыластарыңызға рақмет. Менің "Арнау" атты жеке концерттік турнемде кездескенше!" деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
Сондай-ақ ол америкалық CBS телеарнасындағы "The world’s best" шоуы конкурсант ретінде қатысқан соңғы байқауы болғанын баса айтады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript