Жаңалықтар тізбегі
0

"Бәрі шегініп, гүрс ете түсті". Көрермендерінің үстіне құлаған әнші масқара болды

yandex.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2020 18:27 yandex.ru
Қолын созып, әншіні тосып алуы тиіс көрермендер, керісінше екіге жарылып, кері шегінген.

Ресейлік сылқым әншінің Брянскідегі концертінде ел күтпеген жайт орын алды. Ольга Бузова сахна алдында тұрған қалың топқа қарай құлай кетті, бірақ көрермендер ол ойлағандай, оны ұстауға қатты құмартып тұрмаған болып шықты. Салдарынан әнші оңбай жарақат алды, деп хабарлайды zakon.kz sm-news.ru ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Ол өздігінен қайта сахнаға орала алмаған. Оны сахна сыртындағы киінетін бөлмеге қасындағы екі көмекшісі екі қолтығынан демеп, алып келген.

Осылайша екі еркек екі жағынан демеген Ольга Бузованың видеосы желіде жарияланып кетті. Бұдан соң желідегілердің бірі: "Әнші удай мас", "Қара өздігінен аяғынан тұра алмай тұр", "Мынау тәлтіректеп қалыпты ғой" деп жарыса жазды. Онда да әнші шынын айтуды жөн деп таппаған.

"Қатты шаршағанмын ғой" деп қысқа қайырды ол.

Алайда көп ұзамай, әншінің сахна алдында масқара болған нақты оқиғасын түсіріп алған көрерменнің видеосы да желіде жарқ етті. Сол кезде Бузова осы оқиғаға қатысты бар шындықты айтып, көгерген тізесінің суретін өз парақшасында жариялауына тура келді. Сөйтіп ол көрерменнен "өз артын ашқан" видеоны өшіріп тастауды өтінген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

@buzova86 вот она Оля ???? самая лучшая ????????????????????????????????????????????????????❤???????? . . . #яещеверю#принимайменя#ольгабузова#королеватанцпола#однаночь#хитпарадмоихмыслей#оченьхорошо#концерт#верность#ревность#миромправитлюбовь#вотоная#эгоистка#ольгабузова#бузова#красивая#лучшевсех#мязнаючтотысмотришь#малополовин#тикток#инстаграм#2020#мандаринка#санта#интеллигент#танцуйкакпчела#люблю#любовь#счастьеесть#вогне

Публикация от ОФК Минск Оли Бузовой ♥♥♥ (@buzova86_fan_life)

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: