Алматыда Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған байқау өтеді
kazgazeta.kz
Биылғы байқаудың басты ерекшелігі - финалистер баттл арқылы іріктеледі. Оған 18 бен 30 жас аралығындағы вокалистер қатыса алады.
Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған "ОТАН АНА" ІІІ Республикалық жас орындаушылардың байқауы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мақсат - қазақ өнерінің дамуына үлес қосқан әншінің шығармашылық мұрасын насихаттау, жаңа таланттарды шығару, музыкалық талғамға тәрбиелеу және жанды дауыстағы оркестрмен жұмыс істеу шеберлігін дамыту.
"Бауқау неліктен "ОТАН АНА" деп аталды десеңіз Батырхан ағамыздың ең басты әні деп осы әнді атауға болады. Өйткені, Ресейден Қазақстанға келіп оралғандағы ең атақты және де жүректен шыққан керемет композиторлармен бірге жасаған бірлестік және ол альбом солай аталды. Сондықтан да Батырханның карьерасындағы, өнеріндегі бір үлкен белес деп ойлаймын" - деді GAKKU музыкалық телеарнасының бас продюсері, қазылар алқасының мүшесі Тимур БАЛЫМБЕТОВ.
Ал, биылғы байқаудың басты ерекшелігі - финалистер баттл арқылы іріктеледі. Оған 18 бен 30 жас аралығындағы вокалистер қатыса алады. Айта кетейін бұл жолғы ән додасының финалы Шүкеновтің туған жері яғни Қызылордада мамырдың 16-сы мен 18-і аралығында өтеді.
"Байқаудың шарттары ол бірінші кезеңде іріктеу, екінші кезеңде Battl, үшінші кезеңде Батырхан ағамыздың орындауындағы әнді орындау" - деді ІІ республикалық "ОТАН АНА" байқауының бас жүлдегері Ерік ТӨЛЕНОВ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript