Димаш Құдайберген Еуропадағы концерттерін тоқтатуға мәжбүр болды
dimashnews.com
Бүтін бір стадион адамды жинайтын Димаштың концерті коронавирустың өршуі жағдайда қауіпті деп саналды.
Коронавирус індеті әлемде кең қанат жаюда. Одан спортшылар мен әртістер де зардап шегіп жатыр. Димаш Құдайберген "Arnau Tour" әлемдік туры аясында Еуропадағы концерттерін жаңа инфекцияның өршуіне әрі көпшілікке арналған іс-шараларға тыйым салуына байланысты тоқтатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
"Құрметті Dears! "Arnau Tour" әлемдік туры аясындағы концерттер кейінге қалдырылғанын өкінішпен хабарлаймын. Коронавирустық инфекцияның алдын алуға байланысты Прага, Гамбург, Дюссельдорф, Штутгарт және Минск қалаларындағы концерттерім тоқтатылып, басқа уақытқа жоспарлануда. Қабылдаушы тараптармен келісіліп, концертердің өтетін күні анықталған соң, алдын ала жарияланады. Мен сіздің маған құрметіңіз бен ықыласыңызды жоғары бағалаймын және сіз де мен сияқты концерттерді асыға күткеніңізді білемін. Бірақ дәл қазіргідей қиын кезеңде біз ең алдымен денсаулығымызды қадағалап, барлық қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауымыз керек. Жақын арада біз сіздің денсаулығыңыз жақсы, көңіл-күйлеріңіз керемет болатынына сенімдіміз. Басымыз аман, бауырымыз бүтін, төрт құбыламыз тең болсын!" деп жазды әнші әлеуметтік желіде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript