Бүгін Димаш BASTAU live Show атты концертін онлайн режимде өткізеді

m.business-gazeta.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2020 17:31 m.business-gazeta.ru
Онлайн ән кешіне британиялық әнші және композитор Софи Эллис-Бекстор да қатысады.

Димаш Құдайберген #BASTAU live Show атты концертін онлайн режимде өткізеді. Әншінің жеке концерті 13 мамыр күні сағат 20:00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің YouTube арнасында (QR Ma'deniet, sport ministrligi) өтеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Сонымен қатар онлайн ән кешіне "Астана Опера" театрының опера әншісі Майра Мұхамедқызы, "Евровидение-2012" байқауының жеңімпазы Лорин, британиялық әнші және композитор Софи Эллис-Бекстор, ресейлік әнші Кристина Орбакайте қатысады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Facebook парақшасында жазды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: