Жаңалықтар тізбегі
0

Көрермендер орнынан тұрып кетті. Данэля Американың атақты шоуына қатысып жатыр

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2020 16:26 видеодан алынды
America's Got Talent бағдарламасының 3-эпизодында 13 жастағы қазақстандық әнші канадалық Faouzia-ның "Tears of Gold" әнін шырқады.

Данэля Төлешова Американың тағы бір атақты шоуына қатысып, бағын сынауда, деп хабарлайды zakon.kz.

America's Got Talent бағдарламасының 3-эпизодында 13 жастағы қазақстандық әнші канадалық Faouzia-ның "Tears of Gold" әнін шырқады. Қазылар алқасы да, шоу қонақтары да Данэляның өнерін жоғары бағалап, ал залдағылар аяғынан тік тұрып, ұзаққа дейін қол шапалақтап, зор қошемет көрсетті.

Мен Американың керемет Got Talent байқауына қатысамын. Менің ойымша, бұл - кез-келген өнерпаздың арманы, өйткені бұл өте жоғары деңгей. Оның өте қызықты әрі керемет болатынына сенімдімін. Мен кез-келген сынақта өзімді 150 пайыз көрсетуге тырысамын, сондықтан бұл жайт сізді қызықтыратын болса, онда шоуды тамашалаңыз, - дейді Данелия шоу басталар алдындағы сөзінде.

Бұл шоу 2020 жылдың 15 мамырынан бастап NBC телеарнасы, ал Ұлыбританияның Netflix телеарнасы арқылы 29 мамырдан бері басталып, әлі де жалғасуда. America's Got Talent 15-ші маусымының қазылар алқасы - бұл жобаның негізін қалаушы және продюсері Саймон Кауэлл, талантты актриса София Вергара, сәнгер Хайди Клум және көпшілік сүйетін комедия актері Хоу Мандель. Шоудың қожайыны - Терри Крюс.

Телевизиялық жоба 2006 жылдың 21 маусымынан бастап жүзеге асырылып келеді, әншілер, бишілер, сиқыршылар, клоундар және барлық жастағы дарынды адамдар шоуда өз талантын көрсетеді. America's Got Talent жобасының бас жүлдесі - 1 миллион доллар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: