Жаңалықтар тізбегі
0

Полиция формасын киіп, өлім жайлы айтқан әнші Кентал түсінік берді

Instagram, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2020 17:55 Instagram
Ол қалжыңдаймын деп опық жей жаздады.

Қазақстандық актер әрі әнші Кентал (Талғат Кенжеболатов) желіде тараған өзінің видеосына қатысты түсінік берді, онда полиция формасындағы ол: "Біз бәріміз өлеміз" деп айтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Осы видео жарияланғаннан кейін, 13 шілдеде, Кенталды полиция ұстап, оның әрекетіне қатысты хаттама толтырды. Полиция бүгінгі барлық адам үшін қиын уақытта Талғат Кенжеболатов елдің ашу-ызасын тудырған видео жариялады деп мәлімдеді.

Сондықтан полиция автор бұл видео арқылы қазір коронавируспен бетпе-бет келген мыңдаған отандастарымыздың қайғысы мен қайғы-қасіретін мазақ етті деп санайды.

Алайда әншінің бұл ретте өз жауабы бар. Ол желіде осы мәселеге қатысты түсінік беріп, видео жариялады.

"Бұл - 4 жыл бұрын түсірілген вайн. Сол кезде мен 4 жылдан кейін жалпыұлттық зауал - COVID-19 болады деп ойлады дейсіздер ме?.. Қайдағы коронавирус? 2016 жылы ондай сөзді естіп те көрмеппін. Актер ретінде мен 20-дан астам түрлі рөлдерді ойнадым, олардың ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері де бар. Бұл вайнды түсіру кезінде мен комедиялық сериялда ойнадым, онда мен учаскелік полиция қызметкерінің рөлінде болдым. Мен киген киім формасы - кино реквизиті. Менің вайнымда ешқандай астар жоқ, онымен ешкімді ренжіткім келмеді, оны орысша "черный юмор" деп атайды. Видео Интернетте 4 жылдан бері жүр, оны көптеген желі парақшалары көшіріп, жариялап келеді. Бары осы! Баршаңызға денсаулық, емделіп жатқандарға шипа тілеймін. Алла бәрімізді аурудан және вирустардан сақтасын", - дейді Кентал.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: