Түркістан түркітілдес қауымның Меккесі болсын – Тұрағұл Кәрімұлы
Менің атым Тұрағұл Кәрімұлы, жасым 70-те, Арғын-қаракесектен тараймын.
Дінім ислам, Алланы пір, құранды хақ деп білемін. Алғашқы болып Құранды Пайғамбарымыз Мұхаммед және оның жанында болған халифалар жазып насихаттаған. (Қазіргі халықтың білімі дамып, сана сезімі жоғары болған заманда Құран аспаннан түсті дегеннен аулақпыз). Пайғамбарымыз қайтыс болған соң, оның ұрпақтары заманның өзгерісіне сай, құранның хадистеріне өзгерістер жасады (парыз, қажылық т.б.) Пайғамбарымыз тірі кезінде қажылық болмағаны түсінікті ғой.
Ислам діні Орта Азияда, оның ішінде, Түркі елдерде ХІ-ХІІІ ғасырларда тарай бастады. Себебі, Араб халифаты, оның мәдениеті басқа елдерден өте жоғары болған. Атап айтқанда араб ғылымы ескі грек және үнді ғылымынан нәр алуымен қатар, ғылымның қадір-қасиетін дұрыс түсіне білген. Ал қазір жағдай күрт өзгерді. Орта Азияның экономикасы, саясаты, білімі, халықтың сана сезімі әліде жоғары. Дін дегеніміз - теология ғылымы, сондықтан жаңа дәуірге сай, дінде де өзгерістер болып жатыр. Менің айтарым, Алланың қадір-қасиетін дұрыс түсіне біліп, өзіміздің салт дәстүрімізді еске алып, біраз өзгерістер жасау керек деп ойлаймын.
Бүкіл түрік елдерімен ақылдасып, мүмкін саммит жинап, намазды өз тілімізге аудару керек. Намазды әр халық өз тілінде оқу керек. Себебі, қазір 80% намазға жығылғандар араб тілін білмей, оны кирилицаға жазып алып оқиды. Оның не оқып отырғанын өзіде және жиналған жұртта білмейді. (Мысалы: дүние жүзінде барлық ел өз тілінде оқиды – Италия, Германия, Россия, Украина т. б.)
Тек қана түркітілдес халық әлі сол көне араб тілінде оқиды, тыңдайды.
Намаз оқу кезінде, дінге сәйкес, киетін дәстүрлі киім үлгісін қашан, қай жерде киуі бір қағидамен бекіту керек.
Меніңше, намазды Аллаға құлшылық етіп, жұма күні ғана оқыса жеткілікті деп ойлаймын. (Басқа елдер күніне 5 рет оқымайды).
Қазақ айтады: қыз деген елдің көркі, ал қазір кейбір жас қыздар басын, бетін жауып жүргенде ішім ашиды. Бүкіл дүние жүзі алға ұмтылғанда олар өткен ғасырдың, оның ішінде арабтардың кимешегін киеді. Ойлау керек қой біз кімбіз, Сирия, Ливан кім? Олар қай сатыда, біз қай сатыдамыз?
Енді қажылық жайында айтқым келеді.
Мұхамед Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Алланың елшісі, сүйікті досы, оған ең жақын тұлға. Сондықтан Мекке Мадинаға барып көрген дұрыс, бірақ бұл парыз болмауы керек. ХІХ – ғасырда қажылық үлкен абырой болатын. Оған ұлттың беделді, елге қадірлі азаматтары баратын. Ал қазір кім баратынын өздеріңізге белгілі ғой.
Екіншіден миллиондаған қаражат Сауд еліне кетіп жатыр (валютамен есептелгенде). Бізге жақын Түркі шайқыларының көш басында Арыстанбаб пен Қожа Ахмет Ясауи тұр емес пе? Олар қазақтың кең даласына, тіпті Тұран және Орта Азия әлеміне ислам дінін жеткізушілер.
Меніңше, Құрбан, Рамазан айттарында Түркістан басындағы жоғары айтылған екі тұлғамызға тағзым етіп барған Меккеге барғаннан кем болмайды. Себебі біздің ұлтта әлі, Хан Тәңірі дінімізден әруақтарға сыйіну исламмен қатар келе жатыр.
Түркістанда біздің халқымыздың азаттығына күрескен ұлы тұлғалар жатыр (мысалы менің бабаларым Қазыбек би, Жарылғап және Есей батырлар). Кезінде елім, жерім деп өмірін қазіргі ұрпақтар үшін құрбан еткен.
Осыған орай бүкіл түркі еліне Түркестан Мекке болып, осы айтылған елдерге, басына барып, құран оқу парыз болу керек деп ойлаймын.
Қорытындылай келгенде:
1. Түркістан барлық түркітілдес қауымның Меккесі болу керек.
2. Келешекте бүкіл түркі елінің ұлы ғұламаларының алтын әріппен жазылған мүсіндерің аллеясын жасау керек. Құтейбадан бастап, Әл-Фараби, Ахмад Фергани, Ахмад Мәруази, Халифа Алтай т. б.
Бұл үлкен саясат, бірлігімізді нығайтып, бауырлас ел боламыз. Кезінде бәрімізде бір атаның баласы екенімізді ұмытпаумыз керек.