Жұрт дүрлігеді. Көшедегі бес мәшиненің бірі шетелдік нөмірмен жүр
"Колесоны" ашып қарасаңыз, 1990-93 жылғы көліктер 650 мың 1 млн теңге аралығында сатылып тұр. "Неге ондай бағаға сатасың" деп халыққа кінә арта алмаймыз, сырттан көлік келмеген соң сол. Қанша жерден "зың" дегенімізбен ескі көлігіңіздің бүгін помпасы, ертең генераторы, бүрсікүні головкасы кетеді, деп пайымдайды желіде Айсұлтан Жақыпов.
Қазір көшеде бөтен елде тіркелген көліктер көбейді
Жұрт жаңалау мәшине тепкісі келеді. 1 млн теңгеге Моңғолиядан Toyota Camry 30 табасыз, мәселен, дейді пост авторы.
- Бұл көліктердің о баста ел бюджетіне еш пайдасы тимеді. Жақында айыппұл төлейтін қылдық деп жатқан әйтеуір. Енді, шекарадан кіргеніне бір жыл толған көліктерді елден шығару немесе айып тұрағына қою қолға алынбақ. Жұрт асып-тасыған соң мініп жүрген жоқ мұны.
Неге сырттан келетін көлікті рәсімдеуді жеңілдетпеске? Мәселен, жылы мынанша, көлемі мынандай мәшинені рәсімдеу 200 мың, одан жоғарғылар 350-500 мың деп сатылап кете берсек? Сырттан млн жарымға мәшине әкелген адам оны рәсімдеуге 200 мың табары анық. Ал он млн-ға, отыз млн-ға мәшине әкеле алатындар қазіргі бағаммен де рәсімдей алары һақ. Бірақ, әңгіме қарапайым халық жайлы. Осындай бір амалын жасасақ, елге қаншама қаржы кірер еді ғой?!
Енді жұрт қалай амалдайды?
Мәселен, ҚР тіркелген Камри 35 көлігінің (аварияға түскен) құжатын сатып алады. Шетелден сондай маркалы көлік әкеп, номерін таға салады. Шанағын ешкім тексеріп жатқан жоқ. Күндердің күні шанақ тексеру басталғанда сорлайтын да біз секілділер.
Естіп жатырмыз, қай жақтан әкелсең де млн теңге берсең 3 сағат ішінде құжатыңды қолыңа тапсыратындар шығыпты дейді.
Қазір қарама-қарсы өткен бес мәшиненің бірі шетелдік нөмірмен жүр. Егер шектеу қойса, жұрт дүрлігері анық. Ал, бұл сіздерге керек пе? Әрине, мен елде,жолда тәртіп болғанын қалаймын. Бірақ, сол жұртқа жағдай жасау керек әуелі. А так Қарағандыда Шахтинск қаласының бір полковнигінің Ресейден әкелген Прадосын (шатаспасам) бір аптадан соң "угон" деп қайта әкеткен. Сондай адамдар маңқиып қалғанда қара халық қайтпек, деген сауал тастайды ол.