Жаңалықтар тізбегі
0

Роза Рымбаеваға "ШҚО-ның Құрметті азаматы" атағы берілді

altaynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2020 21:43 altaynews.kz
Біз әрдайым жерлестеріміздің жеңісі үшін қуанып, қолдап жүреміз - Даниал Ахметов.

24 желтоқсанда облыс әкімі Даниал Ахметов Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваға "ШҚО Құрметті азаматы" төсбелгісін табыс етті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ШҚО әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарланды.

– Бүгін қуанышты, әрі тарихи күн. Жаңа жыл қарсаңында жерлесіміз, Қазақстанның халық әртісі Роза Қуанышқызы Рымбаеваға "ШҚО Құрметті азаматы" атағын жеке тапсырудамын. Мен үшін бұл зор құрмет. Біз әрдайым жерлестеріміздің жеңісі үшін қуанып, қолдап жүреміз, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов

Кездесу барысында эстрада әншісі жақында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай қорытынды концерт өткізді. Әнші, Семей қаласында мерейтой аясында атқарылған жұмыстардың ауқымын жоғары бағалап, ұлы ақын – Абайдың қазақ үшін алар орны зор екенін ерекше атап өтті.

– Жыл сайын өзімнің гастрольдік сапарымды Шығыс Қазақстаннан бастауға тырысамын. Себебі, туған өлкемнен ерекше шабыт, күш-қуат аламын. Халқыма жүрекпен ән шырқап, бір толқында өнер көрсетемін. Бүгінгі марапат үшін халқыма зор алғысымды білдіремін, - деді Роза Қуанышқызы.

Қазақстанның халық әртісі Өскеменде жаңартылған ERTIS CONCERT ғимаратында болды. Бүгінде жоғары талаптарға сай өзгерген, әншінің өзі талай рет өнер көрсеткен зал Роза Рымбаеваның айтуынша кемде-кем.

Сондай-ақ, Роза Рымбаева алдағы жылы ерекше бағдарламамен келіп, облыс тұрғындарына жеке концерт қоятынын жеткізді. Жоспар бойынша, кеш ШҚО симфониялық және халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: