ШҚО әкімі көпбалалы аналарға пәтер кілтін табыстады

altaynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2019 21:49 altaynews.kz
Біз Елбасы тапсырмасына орай алғашқы маңызды қадамдар жасадық. 200 отбасына пәтер кілттерін табыстадық – Даниал Ахметов.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семейдегі көп балалы аналарға пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz Алтайньюс-ке сілтеме жасап.

Көп балалы алты бірдей ана аймақ басшысының қолынан пәтер кілтін алды. Семейдің Қарағайлы ауданынан берілген баспаналар – өте аз төлемақысы бар, сатып алу құқығынсыз берілген пәтерлер.

– Біз Елбасы тапсырмасына орай алғашқы маңызды қадамдар жасадық. 200 отбасына пәтер кілттерін табыстадық, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов. – Қазақстанның гүлденуі үшін біз халықтың әл-ауқатын арттыруымыз қажет.

– Елбасына рахмет! Барлығына бейбіт өмір тілеймін. Балалар аман болсын, – деді көп балалы аналардың бірі Айбүбі Айсанова.

– Бұл Қарағайлы ауданы мен үшін орны бөлек. Семейді алға дамыту үшін қолға алынған шағын аудан. Сондықтан да көп пәтерлі үйлердің сыртқы келбетін өзгертіп, көркейтіп отыруды құрылысшыларға тапсырамын, – деп түйді Даниал Ахметов.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: